Жаңалықтар

Орталық Азияда БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы өңірлік платформасы құрылды

Орталық Азияда БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы өңірлік платформасы құрылды
Фото: gov.kz 06.11.2023 01:28 719

Орталық Азияда БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін өңірлік платформа құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы «БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын имплементациялауды жеделдету» өңірлік конференциясына қатысты.

Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерінің басшылары БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін өңірлік платформа құру туралы шешім қабылдады.

Платформа өзара ақпарат алмасу және оқыту, білімді басқару, өңірлік жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтарын келісу, техникалық көмектің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу үшін бірыңғай алаң болады.

Кездесу барысында азаматтық қоғамның жемқорлыққа қарсы күреске қатысуы және талдамалық деректерді жинауда жаңа технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали өзінің онлайн сөйлеген сөзінде конференцияға қатысушыларды мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі аспектілері және заңнамалық новеллалар туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы сондай-ақ әлеуметтік-сезімтал салаларды айқындай отырып, азаматтардың өтініштері негізінде әзірленетін жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру туралы, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Іс-шара соңында қатысушылар 2024-2025 жылдарға арналған БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін Өңірлік платформаның Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға