«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті Қазақстанда өтеді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
19.05.2023 11:50
1124
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында барысында еліміздің «Орталық Азия – Қытай» секретариатын құру туралы бастаманы қолдайтынын алға тартты.
Секретариаттың Қытай аумағында жұмыс істеуіне қарсы емеспіз. «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитін Қазақстанда өткізуге дайын екенімізді жеткізгім келеді, - деді Тоқаев.
Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.
Бөлісу:
