Жаңалықтар

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық Институты алғашқы іс-шарасын өткізді

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық Институты алғашқы іс-шарасын өткізді
Фото: gov.kz 03.12.2023 20:32 757

Ұлттық экономика вице-министрі – Қазақстан Республикасынан ОАӨЭЫ (Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық) Институтының Басқарушы кеңесінің мүшесі Абзал Әбдікәрімов Тбилиси қаласында өткен ОИ (Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық Институты) Басқарушы кеңесінің 14-ші отырысына төраға ретінде қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында ОИ Басқарушы кеңесінің мүшелері маңызды құжаттарды қарады. 

Атап айтқанда, «2024-2025 жылдарға арналған жылжымалы операциялық жоспар», «Персоналды жалдау жоспары және 2024 жылға арналған бюджет туралы есеп», «Персонал алмасу бағдарламасы».

Институттың өңірлік және жергілікті органдармен, ғылыми топтармен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жетістіктері айтылып, әлеуетті арттыру және электрондық оқыту платформасы бөлігіндегі прогресі атап өтілді.

А.Әбдікәрімовтың айтуынша, алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығын және оларды нақты процестерге енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Елдердің қажеттіліктеріне назар аудару маңызды. Негізгі мақсаттардың бірі тек зерттеу жүргізу ғана емес, сонымен қатар қатысушы елдердің талабына сәйкес келетін шешімдер ұсыну. Сын-тегеуріндерге жедел жауап бере отырып, инновациялық шешімдер ұсынуға қабілетті жоғары білікті персоналды қалыптастыруға әрі оларды қолдауға назар аударуымыз қажет, - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың маусым айында «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институтын құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға