Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыс талқыланды
Бұл туралы СІМ мәлім етті
Қазақстан делегациясы Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыс бойынша конференцияға қатысты, деп хабарлайды El.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Global Gateway Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі Самарқанд конференциясының жұмысына қатысты.
Конференцияның мақсаты – 2021 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылған Global Gateway еуропалық стратегиясына сәйкес тұрақты байланысқа қол жеткізу үшін ішкі және өңіраралық диалогты дамыту, сондай-ақ Орталық Азия бойынша Team Europe ынтымақтастық бастамаларын таныстыру.
Іс-шара барысында делегациялар көлік бағыттарын әртараптандыру, цифрландыру, сондай-ақ жасыл энергетикалық даму салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
