Орталық Азия елдері мен Әзербайжан біріккен әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізеді

Маңғыстау облысында әскерилер «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуына дайындықты талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті.
Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.
Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуге жоспарлап отырған «Оймаша» полигонында оны ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды, - делінген мәліметте.
Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.
