Орталық Азия барысы фототұзаққа қайта түсіп қалды

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жабай аңның фотосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті желі парақшасында жариялады.
Айта кетсек, фототұзақ Орталық Азия барысты зерттеу мен қорғауға бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған болатын. 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін фототұзақтар барысты төрт рет тіркеген. Бүгін бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.
Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасуда.
