Жаңалықтар

Орталық Азия мемлекеттері басшылары Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Орталық Азия мемлекеттері басшылары Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды
Фото: Ақорда 21.07.2022 15:22 1978

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжаттар қабылданды, – деп хабарлайды El.kz порталы Ақордағы сілтее жасап.

Атап айтқанда, жиын соңында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған «Жасыл күн тәртібі» аймақтық бағдарламасы қабылданды.

Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісілді және оған қол қою рәсімі басталды.

Сонымен қатар Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешімге қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға