Орталық Азия елдерінің конференциясы басталды
Шараға қатысушылар дамудың сыртқы және аймақішілік факторларына ерекше басымдық бермек
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференциясы басталды, – деп хабарлайды El.kz.
Шараға Орталық Азия елдерінің президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институттары, ҚР орталық мемлекеттік органдары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті сұрақтары мен мәселелері бойынша өңірлік сарапшылар қатысуда.
Конференция барысында Орталық Азия елдерінің су саясаты, қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы кооперациясы мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша бірқатар практикалық шаралар талқыланып жатыр.
Шараға қатысушылар дамудың сыртқы және аймақішілік факторларына ерекше басымдық бермек.
