Жаңалықтар

Өрт сөндірушілерге халықтың ақшасына майка, берцы және шұлық алып бердік – Дәулет Мұқаев

Өрт сөндірушілерге халықтың ақшасына майка, берцы және шұлық алып бердік – Дәулет Мұқаев
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 12.02.2024 12:41 757

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еліміздегі өрт сөндірушілердің киімінің сапасына шүйлігіп, оларға жағдай жасалмағанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ көрсететін техникалар ауылға да, ауданға да жетпеген. Семейде орман өрті болған кезде біз, қайырымдылық қоры, халықтан ақша жинап, өрт сөндірушілерге майка, берцы, шұлық, тіпті тамақтарына дейін алып бердік. Бюджеттен, Қаржы министрлігінен ақша бөлінеді. Бірақ... Ол жердегі өрт сөндірушілердің өздері сол жерде жатып өртті сөндірді. Аяқ киімдері еріп кетіп жатты. Сол жағдайда неліктен аяқ киім мен киімдер қарастырылмаған? - деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, Семейдегі орман өртін сөндірген өрт сөндірушілердің жатын орындары болмай, мектептің еденінде жатқан.

Мен оны әлеуметтік желіге салған кезде, суретті жіберген өрт сөндірушінің әйелі күйеуін жұмыста қыспаққа алғанын айтты. Бізде неге үнемі шындықты айтатын адамдар қыспақта жүруі керек? Өмір мен өлім арасында жүретін жандардан көп келетін сұрақтардың бірі айлық мәселесіне қатысты. Білесіздер, оларға ешқандай төлем жоқ. Жалпы, төлем жүйесі қарастырылған ба? Осындай байлығы бар елде майка, берцы, шұлық сатып алу деген бұл – нонсенс, - деді Мұқаев.

Депутаттың бұл сауалына экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.

Бүкіл орман саласының қызметкерлеріне 4405 дана киім керегі белгіленді. Соған байланысты бюджеттен 918 миллион ақша бөлінді. Бүгінде бар-жоғы 2000 данасын алдық. Оған арнайы конкурстардың қиындығы себеп. Сөйтіп біз небәрі 515 миллионды игердік те, қалғанын қайтарып бердік. Биыл көктемде қалған 2405 данасын аламыз деп жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға