Жаңалықтар

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70% дейін көбейеді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі мәлім етті
Өрт сөндірушілердің жалақысы 70% дейін көбейеді
Фото: El.kz 15.11.2022 12:19 2499

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы көбейетінін айтты, деп хабарлайды El.kz

«Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілген кезде біздің қызметкерлер 65 мың теңге алып отырған еді. Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге», - деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, 2023 жылы жаңадан келген қатардағы қызметкерлердің айлығы максималды деңгейде өсетін болады.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде басшы құрам туралы айтып тұрмын, бұл - өрт сөндіру қызметінің бастықтары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары», - деп түсіндірді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға