Өрт сөндірушілер Ақмола облысында астық кептіру-тазалау кешеніндегі апаттың алдын алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
30.11.2024 07:30
102
Ақмола облысының өрт сөндірушілері кептіру камерасындағы отты сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Щучье қаласының астық қабылдау пункттерінің бірінде астық кептіру-тазалау комплексінде оқыстан өрт шықты. Өрт кезінде қондырғыда 30 тонна күнбағыс тұқымы болған көрінеді. Шақыру орнына 2 дәреже бойынша келген құтқарушылар 30 тонна тұқымның өртенуін сөндіріп, әрі қарай оттың таралуының алдын алды.
Сондай-ақ, оқиға орнына Ақмола облысы ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Алашов барып, өртті сөндіру жұмыстарын қадағалағаны белгілі болды. Аталған жағдайда зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы бойынша электр желілерін дамыту қалай жүзеге асады
Келесі жаңалық
Елімізде 26 млн ұялы байланыс операторы тіркелген