Жаңалықтар

Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек

Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.06.2024 17:48 566

ҚР ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңде табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидаларын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың отты абайламай қолдануы және найзағай разрядтары.

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.

От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті. Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға