Жаңалықтар

Орманы бардың — қорғаны бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл аймағын аралады
20.06.2016 11:38 7464

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл аймағын аралады. Шара аясында президент «Жасыл аймақ» РМК «Ақ қайың» орман тұқымбағының жұмысымен танысты.

Орманы бардың — қорғаны бар

1997 жылы отырғызыла басталған Астана қаласы жасыл аймағының алқабы осы күні 75,1 мың гектарға жетті.  Оның ішінде 155 га алқапты алып жатқан ағаш тұқымының плантациясында 50 мың дана ағашты-бұталы тұқымдардың 61 түрi бар. 2002 жылы «Ақ қайың» орман тұқымбағы аумағында арборетум құрылған болатын. Оған 115 түрлi ағаштың тұқымы мен бұтақтардың тұқымы жиналған.

Орманы бардың — қорғаны бар

Жасыл аймақ құру елорда төңiрегiнде жабайы жануарлардың көбеюiне ықпал еттi. Бүгінде марал, бұлан, елiк, суыр, дала қарсақтары, ондатр, қоян және кiшкентай тышқандар мекен етедi. Ал құстардан балқарағай торғайы, сұр шiл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы мен қырғауыл бар.

Орманы бардың — қорғаны бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: 

—  Жыл сайын мен осы ормандарды аралап, бақылап отыратынымды өздеріңіз білесіздер. Біз 1998 жылы елорданы дүниежүзіне жарияладық. Сол кезден бастап қаланың төңірегіне орман отырғызуды тапсырдым. Алматыдан жаңа көшіп келген кезде, қаланы шаң басып кететін. «Астананың төңірегіндегі жер қолайсыз, орман өспейді» деп қарсы тұрғандар көп болды. Елорда болғаннан кейін төңіректе орман, бақ болмаса, елдер қайда демалады? Мінекей, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, Астананың төңірегінде бұрын болмаған 73 мың гектар орман пайда болды. «Орманы бардың — қорғаны бар» деп қазақ бекер айтпаған. Бiз Астананы салып қана қоймай, оның маңында екiншi Бурабай жасадық. Мен өз басым осыған қуаныштымын. Әр адам елордаға ұшақпен жақындай бергенде орманды көредi. Олар орман қайдан келдi деп ойлайтын шығар. Бұрын бұның барлығы болған жоқ. Орман отырғызу — қала салумен пара-пар үлкен жұмыс. Ендігі міндет, осы орманды Бурабай орманына қосу. Егер Қазақстанның барлық аудандары орман отырғызумен айналысар болса, қалалардың экологиялық жағдайы жақсаратыны белгілі. Қазір Астананың жасыл аймағындағы орман Шортанды ауданына дейін жүз шақырымға жетті. Одан кейін тағы шамамен жүз шақырым бар. Мен осы жерде жұмыс атқаратын барлық орманшыларға, ғалымдарға үлкен алғысымды білдіремін.

Орманы бардың — қорғаны бар

Аталған іс-шара барысында 150 қырғауыл табиғатқа жiберiлдi. Өткен жылы да жасыл аймақтағы жануарлар қатарын 150 қырғауыл толықтырған болатын.

 Орманы бардың — қорғаны бар

Бүгiнгi таңда 155 га алқапты алып жатқан ағаш тұқымының плантациясында 50 мың дана ағашты-бұталы тұқымдардың 61 түрi бар. 2002 жылы «Ақ қайың» орман тұқымбағы аумағында арборетум құрылған болатын. Оған 115 түрлi ағаштың тұқымы мен бұтақтардың тұқымы жиналған. Жасыл аймақ құру елорда төңiрегiнде жабайы жануарлардың көбеюiне ықпал еттi. Бүгiнде марал, бұлан, елiк, суыр, дала қарсақтары, ондатр, қоян және кiшкентай тышқандар мекен етедi. Ал құстардан балқарағай торғайы, сұр шiл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы мен қырғауыл бар.

 Орманы бардың — қорғаны бар

Жалпы, 1997-2016 жылдар кезеңiнде Астана қаласының жасыл аймағының алқабы 75,1 мың гектарды құрады. Оның iшiнде қала шетiнен құрылған 14,8 мың га алқап Астана қаласы әкiмдiгiнiң қарауына берiлдi. Болашақта Астананың жасыл аймағына Ақмола облысы Ақкөл ауданының орманын бiрiктiру жоспарланып отыр.

 Орманы бардың — қорғаны бар

2015 жылы Сафари паркінің аумағын 300 гектарға дейін кеңейту бойынша өткен мемлекеттік сараптамада бұдан әрі жабайы жануарлардың саны мен түрін көбейту жобасы әзірленді. Сафари паркінің аумағында қорықшылардың үйлері мен ветеринарлық шаруашылық үй-жайлары салынған. Орманды дамыту мен оны баптауға жыл сайын мемлекет 2 млрд-қа жуық тенге бөледі.  


Рүстем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға