Жаңалықтар

Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

Сала жұмысшыларының еңбекақысы екі есе өседі
Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Фото: 24.kz 25.01.2023 04:18 1765

Елімізде орман шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше, 2023-2025 жылдары сала жұмысшыларының жалақысын кезең-кезеңімен 2 есеге өсіру мәселесі пысықталып жатыр.

Сала мамандарын даярлау үшін биыл «Өсімдіктер әлемі туралы» білім беру бағдарламасы тобы бойынша жалпы 530 грант және «Орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасына 210 грант бөлінгені белгілі болды.

Ал магистратураға осы бағыт бойынша 270 грант және РһD докторларын даярлауға 28 орын бөлінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға