Жаңалықтар

Орман резерватына жаңа өрт сөндіру көліктері келді

Орман резерватына жаңа өрт сөндіру көліктері келді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 30.12.2023 05:35 895

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының автопаркі жаңа өртке қарсы техникамен жаңартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Арнайы сапармен автокөліктердің кілттерін тапсыру үшін табиғат қорғау мекемесіне Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев келді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың маусым айында «Семей орманы» МОТР» РММ аумағында қайғылы салдары бар ірі орман өрті болған. Мемлекет басшысының 11 маусымда жедел штаб отырысы барысында берілген тапсырмаларын орындау үшін ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджеттен азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бекітілген Кешенді жоспары шеңберінде орман шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қаржы бөлінді.

Кешенді жоспар шеңберінде 68,6 млрд. теңге сомасына шығыстар көзделіп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға