Орман өрттерінің аумағы едәуір қысқарды – Ерлан Нысанбаев
Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман иелерінің өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын бақылауды күшейтті. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында министр министр Ерлан Нысанбаев баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, тексерулер жүргізілді, соның нәтижесінде әкімдіктерге 124 нұсқама беріліп, 26 әкімшілік хаттама жасалды.
Негізгі шағымдар ескірген өрт сөндіру техникасына, орман өртін сөндіру стансалары мен ерте анықтау жүйелерінің жетіспеушілігіне қатысты. Өкінішке қарай, облыс әкімдіктері жаңа нысандарды салу бойынша шаралар қабылдаған жоқ, — деді министр.
Биыл ел аумағында мемлекеттік орман күзетінің 12,9 мың адамы және орман өртін сөндіру стансаларының 3,3 мың қызметкері дайындықтан өтті. Сондай-ақ тұрақты кезекшілікке 482 өрт сөндіру машинасы, 228 шағын орман өртін сөндіру кешені, 1 518 трактор және 1 307 патрульдік машина қойылды.
Орман иеленушілермен жұмыс істеп тұрған минполостарға күтім жасау – 141 мың км және жаңаларын құру – 5,4 мың жұмыс жүргізілді. Өртке қарсы тақырыпта 6150 аншлаг пен панно орнатылып, жаңартылды.
Орман өрттерінің аумағы едәуір қысқарып, авиациялық күзет жаңартылды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өткен жылмен салыстырғанда орман өрттерінің көлемі айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді.
Қабылданған шаралар орман өрттерінің ауданын 3 есеге, 110,6 мың гектардан 36,2 мың гектарға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Орманды жерлердегі аумақ 5 есе қысқарды, — деді министр Үкімет отырысында
Орманды авиация арқылы қорғауға ерекше назар аударылды. Биыл алғаш рет 16 тікұшақ пен 3 ұшақты қоса алғанда, әуе кемелерімен 15 авиатасымалды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты бөлінді. Еліміздің 6 өңірінде: Өскемен, Алматы, Семей, Павлодар, Көкшетау және Қостанайда су төгетін құрылғылары бар Ми-8 тікұшақтары қосымша кезекшілік режиміне қойылды.
Бұдан басқа, орман мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға 428 өрт сөндіру машинасын, 389 шағын орман өртеу кешенін және 387 тракторды сатып алуға қаражат бөлінді. Бұл тозған жабдықты жаңартуға және орман күзетінің жағдайын жақсартуға көмектеседі. Биыл өрт шалған орман ағаштарын қалпына келтіру үшін тәлімбақтарды кеңейту жоспарлануда.