Жаңалықтар

Орман өртіне байланысты Павлодар облысындағы 3 ауылда төтенше жағдай жарияланады

Орман өртіне байланысты Павлодар облысындағы 3 ауылда төтенше жағдай жарияланады
Фото: t.me/qr_tjm 17.07.2023 15:00 906

«Ертіс орманы» резерватындағы өртке байланысты Павлодар облысындағы 3 ауылдық округ аумағында төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі, Галкино ауылдық округі және Шалдай ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді басшысы етіп тағайындаймын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 15 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовтің шешімінде.

Айта кетейік, 15 шілде күні «Ертіс орманы» резерватында өрт шықты.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға