Жаңалықтар

Орден дауынан кейін Әли Оқапов шетелде демалып жатыр

Орден дауынан кейін Әли Оқапов шетелде демалып жатыр
Фото: instagram.com/aliokapov 15.11.2023 15:51 884

«Құрмет» орденінен кейін басы дауға қалған әнші Әли Оқапов күйзеліске түскенін айтып, отбасымен шетелге демалуға кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс аяқталуға жақын. Мен толықтай сауығып, тіпті бірнеше келі салмақ қостым. Отбасыммен бір аптаны бірге өткіздік. Осы уақытта Assyl тобының трегін дайындадым. Ayree-дің жаңа бейнебаянына қатысты жұмысты аяқтадым. Көлігімді қысқа дайындадым. Роза Рымбаеваның жаңа альбомына арналған жазбаны аяқтауға шақ қалдым. Қазақстан бойынша анамның 7 жеке кешін жоспарлап, шағын түсірілімдерді ойластырдым. Ең бастысы, демалдым. Сонымен қатар осы сапарымызда Зейіннің үшінші тісі жарып шықты. Ол мінезін көрсетуді үйрене бастады. Жан жарым мен анашыма рахмет! Қиын сәтте бар жұмысты тастап, мені демалысқа әкеттіңіздер. Психикалық және физикалық тұрғыда емдеп алдыңыздар. Енді үйге оралатын уақыт келді, - деп жазды Оқапов Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Республика күніне орай әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған еді. Көпшілік оның бұл орденге лайықты емес екенін айтып, хейт айтты. Одан кейін Әли Оқапов мемлекетік награданы қайтарып беретінін айтқан еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға