Жаңалықтар

Қордайда Дүнген этносының мәдениет күні кеңінен аталып өтті

Қордайда Дүнген этносының мәдениет күні кеңінен аталып өтті
03.10.2018 10:14 2199

Жамбыл облысы Қордай ауданының Сортөбе ауылында Дунген этносының Мәдениет күні кеңінен аталып өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысының «Вынхуа» Дунген мәдени бірлестіктерінің еңбек ардагерлері, ақсақалдар, өндіріс, ғылым және мәдениет, жастар, облыстың көптеген этнотоптарының өкілдері қатысты.

Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Қазақстанның Дунген қауымдастығының бірінші президенті Исхар Лоу, Қырғызстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мажит Юсуров, ҚР Дунган Ассоциациясының президенті Абубекер Воинц салтанатты іс-шараға жиналған қонақтарға жылы лебіздерін арнады.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева дүнген этносының бір топ өкілдерін марапаттап, алғыс хаттар табыстады.

Одан кейін Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестік  қауымдастығының төрағасы Айша Идибо аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету туралы 25 мың теңгелік ақшалай сертификаттарды табыс етіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 800 мың теңгенің көмір отынын жеткізіп берді.  

Кейін ауылдың орталық көшесінде 150 бүлдіршін бастаған «Достық маршы» ұйымдастырылды. Олар соғыс ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осы жерде соғыста ерлікпен қаза тапқан ардагер Ноғайбай бидің стелласының  ашылу салтанаты өтті.

Бұл күні дүнген мәдениетінен сыр шертетін қазіргі және көне дәстүрлерінен көріністер, қолданбалы өнерінің көрмесі мен шебер сыныптары ұйымдастырылды.

Мереке соңында үлкен этномәдени бірлестіктердің фестиваліне жалғасты.  Оған «Үкілім», «Чунтян», «Севинч», «Соседушки», «Калинка», «Болашақ» ансамбльдер мен жеке орындаушылар қатысты.

Көрші жатқан Ұлан батыр ауылындағы №19 мектептің ішінен батырға арналған этнографиялық музей ашылды. Сол жерде қазақ-дүнген этомәдени бірлестіктерінің бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, мереке спорттық ойындармен жалғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға