Жаңалықтар

«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
Фото: instagram.com/fc__ordabasy 18.06.2024 18:36 547

Ньонде (Швейцария) Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундының жеребесі тартылды, нәтижесінде «Ордабасының» қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші раундта шымкенттік клуб Молдованың «Петрокубымен» кездеседі. Бірінші матч 9/10 шілдеде Қазақстанда, қарымта ойын 16/17 шілдеде Молдовада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы маусымда «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды. 2024/25 маусымда еурокубоктарда еліміздің атынан «Астана», «Тобыл» және «Ақтөбе» өнер көрсетеді.

«Тобыл» Еуропа лигасындағы жолын бірінші іріктеу раундынан бастаса, «Астана» екінші кезеңнен бастайды. «Ақтөбеге келсек», клубтың Конференция лигасындағы қадамы бірінші раундтан басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға