Жаңалықтар

Ораза кезінде қалай тамақтану керек?

Ораза кезінде қалай тамақтану керек?
Фото: Pixabay.com 12.04.2023 19:20 2745

Нутрициолог маман Ұлпан Нұрманова ораза кезінде тамақтануға ерекше мән беріп, құнары жоғары, дәрумендерге бай әрі пайдалы тағамдарды жеу керектігін айтады. Ал фастфуд өнімдерін ас мәзірінен мүлдем алып тастаған абзал.

Сәресі уақытына дейін сұйық тағамдар мен су, шай сияқты сусындарды көп мөлшерде тұтыну керек. Сәресі кезінде арпа, сұлы, бидай өнімдерінен жасалған тағамдар ішсе күні бойы ағзаны қуаттандырып тұрады. Энергияңыз сарқылып, әлсіреп қалмау үшін ағзаны уақытылы құнарлы тағамдармен қуаттандырып отырған дұрыс. Дегенмен тағамды да талғап жеу керек.

Ағзаға ауыр болатын, майлы немесе тұздалған асты жеуге болмайды. Оның орнын жеміс-жидектер мен көкөністерге ауыстыру қажет. Жалпы денсаулығы жақсы кісілер үшін оразаның ағзаға тигізер пайдасы зор. Өйткені ашығу ағзаны жиналған әртүрлі зиянды қалдықтардан тазартады. Жас әрі дені сау ағза үшін қан қысымын төмендетеді. Салмақты азайтып, ағзада жақсы жағынан өзгерістер болады. Ораза ұстаған адамдар темекі, ішімдік сияқты зиянды заттардан түбегейлі бас тартып жатады. Мұның өзі ағзаның тазаруына әсер етеді. Ұзақ уақыт тамақ ішпегендіктен ағзаның тағамға деген сұранысы төмендеп, тамақты қалыпты жеуге дағдыланады, - деді нутрицолог маман.

Ораза ұстаған кезде ерекше назар аударатын тағы бір жайт, ағзада су тапшылығын болдырмау керек. Мәселен, қара жұмыс істейтін адамдар үнемі далада жүргендіктен шөлдейді. Осыдан тері құрғап, адам өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Ол үшін ауыз ашқаннан бастап сәресі уақытына дейін 1-1,5 литр су ішу керек.

Сондай-ақ тойып тамақтануға да болмайды. Өйткені бірден тойып тамақтану ағазаға тым ауыр соғады. Рамазан айы ағзаға пайдалы, жақсы әдеттерді бастауға қолайлы ай. Бір жағынан адам рухани тазарады.

Ауыз ашқанда сумен, құрмамен ашатыны сияқты, сәресі уақытында да жеңіл тамақтанған дұрыс. Ауыз ашқаннан кейін 15 минуттай күту керек. Өйткені ашығып тұрған ағзаға қомағайланып көп тамақ жеу зиян. Аш қарынға қытырлақ картоп, тез дайындалатын тағамдар, түрлі қоспалар қосылған зиянды тағамдарды жеу, дәм сезу рецепторын бұзады,- деді Ұлпан  Нұрманова.

Шәймен ішетін тәттілерге де тым жақын болуға болмайды. Зәйтүн майы, моцарелла ірімшігі, йогурт жеген пайдалы. Күн батқаннан таң атқанға дейін екі рет тамақтануға тырысу керек. Тамақтардың құрамында көкөніс болуын ескеру қажет.

Кейде адамдар ауыз бекітетін уақытқа ұйықтап қалып, аз уақытта асығыс әрі көп мөлшерде тамақтанып жатады. Тамақты тойып жесем, қарным ашпайды деп ойлайды. Шындығында, керісінше. Тойып жеген тағам аштық сезімін туындатады. Сәресіге асбұршақ ішсеңіз ағзаға да жеңіл болады әрі қарын да ашпайды.

Шылым шегетін кісілер ауыз ашқаннан кейін тым көп темекі шегеді. Ал күні бойы ағза аш болғандықтан никотиннің түтіні әдеттегіден де қатты зиян келтіреді.

Ораза ағзаны тазартады деп жиі айтамыз. Бірақ солай екен деп созылмалы ауруы бар адамдар да өздерін қинап, ораза ұстауы дұрыс емес. Дінімізде де денсаулығына зияны тимеген кезде ғана ұстауға міндеттеген. Диабет, қалқанша безі аурулары кезінде ораза ұстауға болмайды. Кейбір адамадар өздерінің аурулары туралы білмеуі мүмкін. Егер ашыққан кезде өзін жайсыз сезініп, тамақтанғысы келе берсе, дәрігермен кеңесу керек. Тек дәрігердің нұсқауымен ғана ораза ұстап, ашығуға болады, - деді нутрицолог.

Ораза ұстау кезінде туындайтын тағы да бір маңызды сұрақ: спорттық жаттығулармен айналысуға бола ма? Егер жеңіл жаттығулар болса, айнылысуға болады. Бірақ ағзаға қатты күш түсірмеңіз. Ауызашардан кейін таза ауаға шығып, жаяу жүріп келсе, ағзаға пайдалы.

Сәресіні уақытында ішіңіз. Сәресі уақытында ұйқыңызды қиып, бір сағат бұрын ояныңыз. Жаңғақ, дән, ірімшік, сүт өнімдері, жұмыртқа ағза үшін пайдалы болып саналады. Кәмпит, тоқаш, тәттілер, ұн тағамдарын тұтынбаған абзал. Өйткені ол ағзадағы энергияны азайтады. Жеген сайын жегің келе береді.

Қатты тойып тамақ ішпеу. Күні бойы аш жүргеннен кейін бір тәрелке тамақты бірден ішіп қойып, кейін мөлшерден тыс тамақ жеп қойғанына өкініп жатады. Ораза ұстағанда, асқазан кішірейеді. Сосын адам тамақты аз ішеді.

Суды көп ішу. Кей адамдар суды тым аз мөлшерде ішеді.  Сондықтан ауыз бекіткенде қатты шөлдейді.

Көп қозғалу. Қозғалыстың өзі өмір. Өмір қозғалысты талап етеді. Қозғалу – энергия көзі. Түске дейін ұйықтап, кешке ауызашар уақытында ғана тұру дұрыс емес. Ағза қозғалысты қажет етеді. Кейбір адамдар аз қозғалсам, аз энергия жұмсаймын деп ойлайды. Ағзаға күш түсіретін ауыр жаттығу жасамаса да, күнделікті өмір дағдысынан айнымаған абзал.

Зиянды тағамдардан бас тарту. Қышқыл, тым тәтті, қуырылған тағамдардан толық бас тарту қажет. Жанмен бірге тән де ауыртпалықтардан арылу керек. Нутрицологтар да оразада ағазаның демалатынын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға