Оралдық тұрғын жас қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Фото: © Getty IMAGES
Фото: © Getty IMAGES
31.01.2024 08:00
807
Орал қаласының тұрғыны 28 жастағы бойжеткенді ұзақ уақыт бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұстаған. Ер адам ұзақ уақыт бойы бойжеткенді қорқытып, күш көрсету арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- 18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
- Шымкент-Ташкент тасжолында секс-притон анықталды
Бөлісу:
