Жаңалықтар

Оралдық дәрігер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған баланы аман алып қалды

Оралдық дәрігер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған баланы аман алып қалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.02.2024 23:15 1470

Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері ұшақта жүрегі тоқтап қалған бүлдіршінді аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 11 ақпанда болған. «Алматы – Орал» бағыты бойынша ұшып келе жатқан «FlyArystan» әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында диспансерлік есепте тұрған бала ауырып, тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтап қалған.

Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері дереу баланың жағдайын бағалап, алғашқы реанимациялық көмек көрсеткен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, аман қалған балаға дәрілік-препарат тағайындалып, медициналық көмек көрсетілді.

Бүлдіршіннің жағдайы тұрақталды және Орал қаласының әуежайына тоқтағаннан кейін бала жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға