Оралды су басуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында орын алып жатқан табиғи апатқа байланысты 3000 жуық ерікті жұмылдырылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы Нұрсұлтан Сәрсенбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілер тосқауылдар орнату жұмыстарына тартылған. Сонымен қатар басқа облыстардан да гуманитарлық көмектер келіп жатыр, олардың барлығын бір қоймаға жинақтап, мұқтаждығы бар аудан орталықтарына тарату жұмыстарына атсалысуда. Жайық өзенінің жеті метр биіктікке дейін көтерілуіне байланысты облыс орталығын су басуы мүмкін болғандықтан, еріктілер күндіз-түні тоқтамай еңбек етуде, - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы.
Нұрсұлтан Сәрсенбаевтың сөзінше, су басуы ықтимал аудан орталықтарында да еріктілер жұмылдырылып, жұмыс атқаруда. Еріктілерді басқарумен Жастар ресурстық орталығы айналысады. Бүгінде «БҚО жастары» тобы құрылып, белсенді жастар әртүрлі бағыттар бойынша қызмет етеді.