Жаңалықтар

Оралдық әзілкештер Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды

Қыркүйектің 10 күні Астана қаласының "Конгресс холл" сарайында "Жайдарман" әзілкештер мен тапқырлар клубының Астана әкімі қаласының кубогі ойнатылды.
11.09.2015 04:00 4623

Қыркүйектің 10 күні Астана қаласының "Конгресс холл" сарайында "Жайдарман" әзілкештер мен тапқырлар клубының Астана әкімі қаласының кубогі ойнатылды. Әділ қазылар шешімі бойынша бәйгеге тігілген бас жүлдені Орал қаласынан келген "ҚазИИТУ" құрамасы жеңіп алды.

Оралдық әзілкештер Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды

Биылғы "Жайдарманға" қатысуға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам команда ұсыныс білдірген. Іріктеуден өткен 15 команда ой мен әзіл жарыстырды. Әзілкештердің өнеріне баға беріп, жарыстың жеңімпаздарын анықтаған әділ-қазылар алқасы құрамымен таныстырып өтсек: Шахмардан Байманов («Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы), Айнұр Тұрсынбаева, Көпен Әмірбек, Олжас Сыдықбек. Ал, қазылар алқасының төрағасы – Талғат Рахманберді.

Оралдық әзілкештер Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды

Жеңімпаздарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев марапаттады. Ойында бақ сынасқан әзілкештер құрамалары:

1. "Гранд" құрамасы – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;

2. "Үш жүз" құрамасы – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы;

3. "Таң қалмаңыз" құрамасы – Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;

4. "Тұран-Астана" – Астана қаласы, Тұран университеті;

5. "Чехов аялдамасы" – Павлодар қаласы;

6."АТУ" құрамасы – Алматы қаласы, Алматы техникалық университеті;

7. "Болашақ" – Тараз қаласы, Болашақ колледжі;

8. "ҚазИИТУ" құрамасы – Орал қаласы, ҚазИИТУ

9. "Шымкент жастары" – Шымкент қаласы;

10. "Аграрка" құрамасы – Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық унивенситеті;

11. "Алмалы" командасы – Алматы қаласы, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті;

12. "Алаш ұлдары" – Семей қаласы, Электро техникалық колледж;

13. "Құлсары" құрамасы – Атырау облысы, Құлсары;

14. "Фемида" – Ақтөбе қаласы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті;

15. "Барыстар" құрамасы – Ақтау қаласы.

Оралдық әзілкештер Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды

Жайдарманның кезекті ойнына топтар үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Кеш барысында түрлі әлеуметтік мәселелер, жастар оқиғалары, отбасындағы сәттер ойнатылды. Қатысушылар өздерінің тек сөзге шеберлігін дәлелдеп қана қоймай, әсем дауыспен өлең айтып, әртүрлі биімен де есте қалды.

Оралдық әзілкештер Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды

"Таң қалмаңыз" қыздар командасынан бір әзіл:

Жігіті жоқ қыз: 

– Күйем деді, сүйем деді, сен үшін жан қиям деді. Әттең-ай, календарьда сәуірдің бірі еді...

"Тұран-Астана" командасы:

– Ойын барысында Қазақстан футболшысы Манчестер Юнайтед командасының шабуылшысын алдап өтті! Балбұлақ ауылының жаңа әкімі құтты болсын!


Әзірлеген: Айгүл Шернияз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға