Жаңалықтар

Оралдағы соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

Оралдағы соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі
Фото: El.kz 25.04.2023 18:15 1201

Оралда Жеңіс күніне орай майдангерлерге 1,5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, облыс орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан 13 ардагер тұрады.

Олардың әрқайсысына 1,5 миллион теңгеден беріледі.

Сонымен қатар, майдангерлерден бөлек,15 санат бойынша бір жолғы төлемақы беріледі. Олардың арасында тыл еңбеккерлері, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, Ленинград қоршауда болғанда жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, Чернобыль, Ауғанстан, Таулы Қарабақ қақтығыстарының қатысушылары бар. Жалпы, Орал қаласында Жеңіс күніне орай барлығы 2808 адамға 175 миллион теңге көлемінде төлемақы бөлінді, - деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға