Жаңалықтар

Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады

Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 08.05.2024 16:07 929

Орал қаласындағы Венера, Речник, Труд, Газовик, Волна, Үміткер саяжайларының 200-ден астам тұрғындары өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұдан бөлек, бүгінде су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілуде. Сондай-ақ, тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдер жалғасуда.
 
Қазіргі уақытта Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеуде. Комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өткен аптада саяжай тұрғындары орналасқан Орал қаласындағы эвакуациялық пункттерге барып, сондай-ақ, облыс орталығында саяжай тұрғындармен кездескен болатын.
 
Кездесу барысында табиғи апат салдарынан келген шығындарды өтеу механизмдеріне қатысты сауалдар көтерілді.  
 
Атап өтерлігі, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға