Оралда жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
11.02.2024 02:24
869
Орал қаласында орталық базар маңында №1 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 ақпан күні сағат 12.59-да Мұхит көшесі бойында болды.
Автобус аялдамасы жанында «ГАЗель» автокөлігі жанды. «Тілсіз жау» сағат 13.10-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 5 адам 1 техникамен жұмыс жасады. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Құтқарушылар аман алып қалған тағы бір жүкті әйел босанды