Оралда Жаңа жыл күні колледж студентінің денесі табылды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
04.01.2025 00:20
1062
1 қаңтар күні Орал қаласында колледж студентінің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, студент өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында бір ауылға көптен күткен газ құбыры тартылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде су басу қаупін азайту жұмыстары күшейтілмек