Оралда үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: БҚО ПД
Фото: БҚО ПД
07.01.2024 17:05
361
Оралда үш автокөлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды.
Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деді Е.Уәлиев.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда автобустардың бағыттық нөмірі өзгерді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды