Жаңалықтар

Оралда тонау және бопсалады деген күдікпен екі қыз ұсталды

Оралда тонау және бопсалады деген күдікпен екі қыз ұсталды
Фото: Polisia.kz 27.01.2025 00:20 396

Орал бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес күдікті қыздар өткен жылдың қазан айында  колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденген. Сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға