Жаңалықтар

Оралда тоғайдан өрт шықты

Оралда тоғайдан өрт шықты
Фото: ҚР ТЖМ 21.04.2023 11:18 1222

Оралдағы Басқақ тоғайы аумағынан шыққан өрт 70 гектар аумақты қамтыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орал қаласының шетіндегі (Перевалочная тоғай ауданы), «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ аумағында құрғақ шөп пен орман екпелері өртеніп жатыр.

Мамандар елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтады, Жекелеген жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дегенмен жел бағытының өзгеруі мен арнайы техниканың өтуі мәселе туындатқандықтан, өртті сөндіру қиынға соққан. Тиісінше сөндіру жұмыстары жаяу өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды пайдалану арқылы жүргізілуде.

Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, «Резерв» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, әкімдіктің ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы, «Жайықтазақала» ЖШС 158 адам және 34 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды, - делінген ҚР ТЖМ таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға