Жаңалықтар

Оралда тасқыннан жапа шеккендерге тұрғын үй беру жалғасып жатыр

Оралда тасқыннан жапа шеккендерге тұрғын үй беру жалғасып жатыр
Фото: Видеодан кадр 08.08.2024 01:32 837

Бүгін 10-шағын ауданда орналасқан тұрғын үй кешенінен 52 отбасыға жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абылай Нұрмақов тапсырып, қуанышпен құттықтады.

Аталған баспана ірі компаниялар, кәсіпкерлер, банктерден келіп түскен қаражат есебінен сатып алынып, беріліп жатыр. Мұндай жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылып жатыр.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға