Жаңалықтар

Оралда судьяның ұлы мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды

Оралда судьяның ұлы мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды
Фото: El.kz / Нүркен Алишев 07.06.2024 13:18 736

Оралда судьяның ұлы әкесінің қызмет бабында қайтыс болғанын дәлелдеп, мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай бір жыл бұрын болған. Қалалық сот судьясы Нұрлан Ғұбашев жұмыс орнында қайтыс болады. Алайда тергеу комиссиясы оқыс оқиғаның қызметке қатысы жоқ деген қорытынды шығарады.

Судьяның ұлы мұнымен келіспей, сотқа шағымданады. Ақыры 55 жастағы ер адамның жұмыс барысында жүрегі ауырып, құлағаны әрі сол кезде оның жүктемесі өте көп болғаны анықталады.

Сөйтіп, қалалық сот судья Нұрлан Ғұбашевті қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды деп тану туралы шешім шығарып, талап арызды қанағаттандырды. Сот әкімшілігі департаментінен 48 млн теңге өндіріп алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға