Жаңалықтар

Оралда шетелдіктер ломбардты тонап кетті

Оралда шетелдіктер ломбардты тонап кетті
Фото: Polisia.kz 24.12.2024 13:00 251

Оралда ломбардтан 45 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның құрамында шетелдіктер болған. Тергеу барысында 5 адамнан тұратын топ қылмыс жасауды алдын-ала мұқият жоспарлағаны анықталды.

Күдіктілер ломбардтың кілтін алып, қызметкер түскі асқа кеткенін күткен. Олар осы мүмкіндікті пайдаланып, жалпы құны 45 млн теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан 1,5 млн теңгеден астам ақша ұрлаған.

Ұрлық жасаған соң топ мүшелері қаладан қашып, батысқа қарай бет алған.

Полицейлер күдіктілерді Оралдағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Онда олар үйді жалға алуға тырысқан.

Ұсталғандар басқа мемлекеттің азаматтары екені анықталды. Қазір олар қамауда отыр. Бұл дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға