Жаңалықтар

Оралда сәбиін қоқысқа тастап кеткен ананың кім екені анықталды

Оралда сәбиін қоқысқа тастап кеткен ананың кім екені анықталды
Фото: Pixabay.com 26.04.2023 15:35 744
Оралда қоқыс салатын бөшкеден табылған нәрестенің анасы 25 жастағы әйел кім екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
 
Мұнан басқа аталған әйелдің тағы екі баласы бар. Үшінші сәбиінен осылай құтылмақшы болған. Жұртты дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
 
Нәресте қазір қалалық көпбейінді ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ұл бала уақытылы дүниеге келген, салмағы мен бойы қалыпты. Тек суық жерде 7-8 сағат жатып, екі өкпесіне де суық тиген.
 
«Бала екіжақты пневмонияға шалдыққан. Ми гипоксиясы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы деген диагноз қойып отырмыз. Соған байланысты қазір ем алып жатыр. Бүгінгі күнде баланың жағдайы бірқалыпты, дене қызуы қалыпқа келді», — дейді БҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Мақсат Оразбаев.
БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиеваның айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл бап бойынша айыпталған адамға 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол 45 тәулікке қамалады. Көкек ананың баласын неліктен қоқысқа тастағанын полиция анықтайды.
 
Еске сала кетейік, целлофан пакетке оралған шақалақты тұрғындар тауып алған болатын.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға