Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Фото: Facebook парақшасынан
Фото: Facebook парақшасынан
05.11.2024 10:11
480
Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онымен бірге екі адвокат та ұсталған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, "Пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр.
Сот сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда президент жарлығымен төраға қызметіне тағайындалған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда Мессидің жейдесі 8 млн теңгеге сатылды