Оралда полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
22.10.2023 04:11
991
Орал қаласында полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні болды.
Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерін ақша алу кезінде қолға түсірді. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада мейрамханадан өрт шықты
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді