Жаңалықтар

Оралда полицейлер тұрғынның өмірін құтқарып қалды

Оралда полицейлер тұрғынның өмірін құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz 09.09.2024 05:20 4160

7 қыркүйекте полицияға Самал көшесінде орналасқан 9 қабатты үйлердің бірінде алтыншы қабаттың терезесінде белгісіз әйел адамның отырғаны және секірмек ойы бар деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полицейлер Досым Бисембай, Батыр Альшинов, Дамир Казиханов бірден жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелді әңгімеге тартуға тырысқанымен, одан еш нәтиже болмайтынын түсінген полиция қызметкерлері 6-қабатқа көтерілді. Қажетті пәтерді тапқан соң, қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында есікті бұзуға шешім қабылдайды. Осы кезде көмекке түнгі кезекшілікте қызмет атқарып жүрген “Үкі-8” жасағы келіп жетті.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен есікті жартылай майыстырып ашып, ішке қарай ең бірінші Казиханов Дамир кіріп, қалған әріптестеріне пәтерге кіруге мүмкіншілік жасайды. Полиция қызметкерлері әйел адамның терезе жақтауында әлі отырғанын көріп, асықпай, байқатпай тез қимыл жасап, әйел адамды пәтер ішіне еш жарақатсыз түсіріп алады. Содан кейін жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртып, соларға табыстайды.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің тез шешім қабылдауының арқасында адам өмірі құтқарылды. Сол сәтте сол үйдің қасына жиналған азаматтар полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне риза болып, қол шапалақтарын аямай соқты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға