Оралда көшедегі жаттығу құрылғысы екі жасар қыздың үстіне құлап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
29.09.2024 09:01
471
Оралда көше бойындағы жаттығу құрылғысы екі жасар қыздың үстіне құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 21 қыркүйекте Сарытау шағын ауданында болған. Алаңға орнатылған көше тренажері екі жасар қызға құлап кетті.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі баланы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді. Оны дәрігерлер тексеріп, рентгенге түсірді. Абырой болғанда, қыз баланың еш жері сынбаған, тек жұмсақ тіндері көгеріп қалыпты. Қызға амбулаториялық ем тағайындалды.
Қалалық әкімдік алаңның кімнің балансында тұрғанын және басқа да осындай алаңдарды тексеру туралы кейінірек айтып беруге уәде етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Абай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды