Жаңалықтар

ОРАЛДА КОРЕЙ КИНОСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ОРАЛДА КОРЕЙ КИНОСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
03.10.2018 10:48 1923

Кәріс мәдени орталығының директоры, Корея Республикасының  Қазақстандағы елшісі Ли Херан ханым Орал қаласындағы Достық Үйінде «Батыс Қазақстан облысы Кәріс этномәдени бірлестігінің» төрағасы мен мүшелерімен кездесті.

Сонымен қатар, қала кинотеатрларының бірінде Кореяның заманауи киноматографиясының екі бірдей туындысы  көрсетілді. Шара Қазақстандағы кәріс киносының фестивалі шеңберінде өткізілді.

Көрсетілім алдында қала тұрғындары үшін Кәріс мәдени орталығының ақпараттық тақтасында Корея елінің мәдениеті, киносы туралы ақпарат орналастырылып, көрермендер Корей Республикасы туралы викторинаға қатысып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Фестивальдың ашылуында Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ли Херан және БҚО кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пак шара қатысушыларына алғыстарын білдіріп, осындай шаралар екі елдің ынтымақтастығының дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға