Жаңалықтар

Оралда деструктивті діни ағым өкілдері бопсалаумен айналысқан

Оралда деструктивті діни ағым өкілдері бопсалаумен айналысқан
Фото: © Polisia.kz 20.10.2023 08:10 881

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 қазанда Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады. Шығын 10 млн теңгені құраған.

Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылады, бұрын бірнеше рет сотталған, - делінген мәліметте.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға