Оралда бойжеткен көпірден секірмек болған

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
08.02.2025 05:17
703
Оралда полицейлер суицидтің алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, 7 ақпанда полицияға куәгерлерден Депо көпірінде бір қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция қызметкерлері - Дамир Казиханов, Нұрсұлтан Иманғазин және Жәңгір Ғазизов жедел әрекет етті. Жәңгір Ғазизов бірден қызды ұстап үлгерді, осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды. Полицейлер оны қауіпсіз жерге шығарып, қызметтік көлікке отырғызды, - делінген мәліметте.
Кейін олар қызды медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тұман, көктайғақ: 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы