Оралда бастауыш сынып мұғалімін өз пәтерінде өлтіріп кеткен

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
28.04.2024 10:00
3895
Оралда бастауыш сынып мұғалімінің денесі өз пәтерінен табылды. 1964 жылы дүниеге келген ұстаз зорлық-зомбылықпен өлтірілгені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицияға 25 сәуір күні сағат 14.50-де Орал қаласында 1964 жылғы әйелдің мәйіті өз пәтерінен табылғаны туралы хабар түскен. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар.
Аталған факт бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті сол күні анықталып, қамауға алынды. Ол бұған дейін сотты болған Орал қаласының тұрғыны екен.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:
