Жаңалықтар

Оралда «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған республикалық лекторий өтеді

Оралда «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған республикалық лекторий өтеді
15.10.2019 17:59 1862

16 қазанда сағат 11.00-де Орал қаласында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау бойынша республикалық лекторий өз жұмысын бастайды.

Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,ҚХА мүшелері, сондай-ақ еліміздің жетекші институттарының ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғарғы оқу орындарының, Қоғамдық Келісім кеңесінің және т.б. өкілдері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар 16 қазанда Оралдың жоғарғы оқу орындарында, 17 қазанда Оралдың Достық үйінде «Қазақтану» жобасына арналған дәрістер топтамасы оқылады.

Лекторий аясында Батыс-Қазақстан облысы ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі, сондай-ақ ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысын өткізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақтану» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында жасалған бастамаға сәйкес, Қазақстан этностары арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде елімізде шоғырланған жалпыұлттық тарихи сананы нығайту, ұлтты біріктіруші құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Жобаның басты мақсаты – қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға