Оралда әйелді тонап кеткен күдікті бейнебақылауға түсіп қалды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
17.05.2023 13:23
745
Таңғы уақытта Оралдағы Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырғаларын, сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған.
ҚР ІІМ мәліметінше, шығын көлемі – 550 мың теңге.
Әйел адам полицияға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары бірден жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған бір ер адамды көрсетті, – делінген мәліметте.
Күдікті құрықталған. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілік тартылған болып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік қызметке орналасу онлайн форматқа ауысады
Келесі жаңалық
Алматыда жер сілкінді