Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетпек болды

Оқиға Кердері көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Қалалық полиция басқармасының “102” арнасына куәгер хабарласқан, деп хабарлаған El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жеткен. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет етті.
Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, өмірмен қош айтыспақ болған тұрғынмен дауыс арқылы байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударған. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полицияның аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгерген. Осылайша тәртіп сақшыларының жедел қимылының арқасында әйелдің өмірі аман қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
