Оралда әйел адам басына кірпіш құлап, көз жұмды

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
26.11.2023 22:21
1178
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болған.
Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада 5 автобус маршрутының бағдары өзгерді