Оралда автокөлік қағып кеткен жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
24.05.2024 10:37
745
Оралда автокөлік қаққан жаяу жүргінші ес жимастан, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ВАЗ 21140» автокөлігімен Сарайшық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 37 жастағы жаяу жүргінші Құрманғазы көшесімен жолдан өтіп бара жатқан.
Жол апаты салдарынан ол түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, алайда есін жимастан қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
25 қарашаға арналған ауа райы болжамы