Оралда ауа жұтуға шыққан қыз көпірден секірмек болған
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
10.04.2023 15:16
1200
Оралдық полицейлер суға секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Динамо базасының маңында кезекшілік етіп жүрген полицейлер Нұрбол Жағынғалиев пен Арман Орынбасаров Шаған өзеніне секірмек болып әрекеттенген қызды бейнекамерадан көріп қалады.
Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, кейін қыз көзден ғайып болған. Олар көпірді айнала іздейді. Суға асығып бара жатқан қызды көріп қалады. Тәртіп сақшылары қызбен сөйлесіп, мұндай қадамға бармауын өтініп, ақыры құтқарып қалады. Бірақ қыз полиция бөліміне келген соң, ауа жұту үшін тұрғанын, суицид жасау ойында болмағанын айтты, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда бюджет қаражатын бөлу процесі жеңілдейді